Қазақстан аумағында президент сайлауы аяқталды

743

0

Қазақстан аумағында президент сайлауы мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана уақытымен сағат 20.00-де еліміздің 15 өңірінде, ал дәл қазір Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру аяқталды.

Осылайша, еліміздің барлық өңірінде ашылған 10 033 сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты.

Енді учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері бюллетендерді санайды.

Сағат 18.00-дегі дерекке сәйкес, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан ашылған 68 сайлау учаскесінің 10-ы жұмысын аяқтады.

57 сайлау учаскесі жұмысын жалғастырып жатыр. Бір учаске әлі ашылған да жоқ.

Нақтырақ айтқанда, Сан-Франциско қаласындағы учаске астана уақытымен сағат 21.00-де ашылады.

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 282 607 азаматы бюллетень алды.

Бұл – тізімге енген азаматтардың 69,31 пайызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<