«Қазақстан Халық партиясы» Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХVIІ конференциясы өтті.
Оған ҚХП облыс бойынша филиалының төрағасы Талғат Телеубаев, ҚХП-ның аудандар бойынша өкілдіктерінің төрағалары қатысты.
Жиын барысында Қызылорда облысындағы ауылдық округ әкімдеріне «Қазақстан Халық партиясынан» ұсынылған кандидаттардың тізімі бекітілді. Партия жарлығының талаптарына сәйкес конференция шешімі бойынша кент және ауылдық округ әкімдігіне үміткерлер анықталып, жергілікті сайлау комиссиясына тапсырылатын құжаттар пысықталды.
Партия атынан сайлауға түсетін үміткерлердің тізімі төмендегідей:
Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округіне Дәулет Қауысов, Шиелі ауданы Талаптан ауылына Данияр Баржақсиев, Майлытоғай ауылына Абылайхан Сақтағанов, Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылдық округіне Қайрат Нәлібаев, Кейден ауылына Сырлыбек Кенжебай кандидат болып бекітілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<