Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Сыр еліне келді

682

0

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Сыр еліне келдіБүгін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев бастаған делегация жұмыс сапарымен Сыр еліне келіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселесі жөнінде жиын өтті. Жиында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша тоқталып, орынбасарлары Нұрлан Тілешев, Серік Сүлейменов, Балжан Шаменова мен Серік Ахмет өздері жетекшілік ететін салалары бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, облыс әкімі аппаратының басшысы Ерлан Райғаниев ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге дайындық барысы туралы айтты.

– Ағымдағы жылдың 5 ай қорытындысы бойынша экономиканың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамиканы қамтамасыз ете алдық. Өнеркәсіп өндірісі, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 12,8%, ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім өндірісі 2,5%, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,3% артты, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешев әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабарламасында негізгі көрсеткіштер мен болашаққа арналған басым міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, пандемияға дейін және одан кейінгі өңірдің экономикалық жағдайына жан-жақты талдау жасалып, әлеуметтік шиеленісті алдын алуға және өңірдегі қоғамдық жағдайды сақтауға мүмкіндік беретін шараларды іске асыру ұсынылды.Облыстағы құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және Байқоңыр қаласындағы мәселелер туралы Серік Сүлейменов баяндады.

Атап айтқанда, тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер, аймақтың жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстарына қолдау көрсету туралы мәселелерді қозғады.Ал, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық және білім саласында атқарылып жатқан жұмыстарды Балжан Шаменова тізбектеді. Бүгінгі күні облыс «жасыл аймақта», эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қызылорда облысы бойынша вакцинациялау 106 егу кабинетінде жүргізілуде, 37 мобильді бригаданың жұмысы ұйымдастырылып, оған 133 мейірбике мен 89 дублер тартылған. Облыс бойынша I-ші компонент келген 165 960 дозадан 127 675 адамға салынды, II-ші компонент келген 99 550 дозадан 70 450 адамға салынды.Аймақтың ішкі саясат, жастар саясаты, этносаралық қатынастар, мәдениет, спорт салалары мен қоғамдық саяси ахуалы туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет хабарлады. «Аймақта әлеуметтік-гуманитарлық салада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Стратегиялық бағытына, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатына сай тиісті жұмыстар жүргізілуде», – деп атап өтті Серік Ахмет.Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірімізде дене шынықтыру және спортпен 254 101 адам шұғылданады.

Мемлекет басшысының Балалар үйірмесін көбейту тапсырмасына орай қосымша 56 балалар үйірмесі ашылды. Қазір облыс бойынша үйірмелер саны 584-ке жетті, қатысушылар саны 6 902 баланы құрады. 2021 жылы Токио қаласында өтетін Олимпиада Ойындарына үш жерлесіміз жолдама алды.Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде Елбасының Тәуелсіздік қалыптасуына рөлін ақпараттандыру мақсатында облыста түрлі форматта мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Халық Қаһарманы Роза Бағланованың 100 жасқа толуына орай, Қызылорда қаласында ескерткіш орнату жұмыстары басталды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы, Дала академигі Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығына арналған мерекелік шаралар, Сыр сүлейі Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына арналған «Жырлансын Тәуелсіздік жырлары» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауы, аңызға айналған Жалаңтөс Баһадүрдің 445 жылдығы аясында Қазалы ауданында ескерткіш орнатылады.Жиын соңында ҚР Президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев жиында көтерілген мәселер назарға алынып, алдағы уақытта шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Президент көмекшіснің Сыр еліне жұмыс сапары жалғасуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<