Қазақстанда «Наурыз» ипотекасы басталады: Қарыз лимиті 36 миллион теңгеге дейін

10

0

Фото: Ru.freepik.com

Қазақстанда 10 наурыздан бастап “Наурыз” жеңілдетілген ипотекасы басталады. Өтініштер 31 наурызға дейін қабылданады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Наурыз” – жылдық мөлшерлемесі тұрақты 7–9% мемлекеттік ипотекалық бағдарлама. Бағдарламаның операторы – Отбасы банк.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

  • Соңғы 5 жылда қарыз алушының және оның отбасы мүшелерінің (жұбайы, 18 жасқа дейінгі балалар) өз жеке баспанасы болмау керек;
  • Отбасы банкінде кемінде 2 миллион теңге депозит болу керек. Депозит мерзімі маңызды емес.

“Наурыз” ипотекасының шарттары

Пайыздық мөлшерлеме:

  • 7% – әлеуметтік осал топтарға;
  • 9% – қалған азаматтарға.

Бастапқы жарна:

  • 10% – таза әрленген пәтерлер үшін;
  • 20% – әрленбеген немесе екінші нарықтағы пәтерлер үшін.

Қарыз лимиті:

  • Алматы мен Астана – 36 миллион теңгеге дейін;
  • Аймақтар – 30 миллион теңгеге дейін.

Қарыз мерзімі: 19 жылға дейін.

“Наурыз” бойынша не сатып алуға болады

  • Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында – тек жаңа құрылыстағы тұрғын үйлер, оның ішінде Құрылыс жинақтағы кооператив кепілдігімен салынған кешендер.
  • Аймақтар мен моноқалаларда – жаңа және екінші нарықтағы тұрғын үйлер, оның ішінде жеке үйлер.

Облыс орталықтары: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен.

“Наурыз” ипотекасына қалай өтініш беруге болады

  • Ноутбук немесе компьютермен Отбасы банкінің сайтына кіріп, Baspana Market бөліміне өтіп, тіркелу қажет.
  • “Менің өтініштерім” мәзірінде “Наурыз” бағдарламасын таңдап, “Өтініш беру” батырмасын басыңыз.
  • Сатып алу және тұру аймағын көрсетіп, шарттарға келісіп, жалғастырыңыз.
  • Депозит таңдаңыз, келісімді растап, SMS-кодты енгізіңіз.
  • Деректерді тексеріп, растап шығыңыз.
  • Банк тұрғын үй бар-жоғын және мүлік мәртебесін тексереді. Бұл 3 жұмыс күніне дейін уақыт алуы мүмкін.
  • Тексеруден кейін өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.

Өтініштер тек жұмыс күндері, 9:00-21:00 аралығында қабылданады.

“Наурыз” ипотекасында депозиттегі жинақ маңзды рөл ойнайды. Отбасы банк осы жинаққа сыйақы (вознаграждение) қосады. Сыйақы мөлшері кнесиеге өтініш беруге қажетті баллдарды жинауға көмектеседі.

“Наурыз” ипотекасы екі кезеңнен тұрады:

Алдын ала қарыз – 8 жыл. Төлем жоғары болады: бір бөлігі пайызға, бір бөлігі депозиттегі жинаққа кетеді.

Тұрғын үй қарызы – 11 жыл. Депозитте тұрғын үй құнының 50%-ы жинақталғаннан кейін пайыздық мөлшерлеме төмендейді, ай сайынғы төлем азаяды.