Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ұшағы елорда әуежайына қонды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, Қытай Халық Республикасының төрағасы Қазақстанға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша келді.
Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды.
Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<