Қызметтік автокөліктер берілді

935

0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  қызметін дамыту мен нығайту үшін шаралар қабылдауда.

Биыл республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары үшін 132 бірлік арнайы қызметтік автокөлік сатып алынды. Оның 9 бірлігі Қызылорда облысына берілді және әрі қарай аумақтық басқармаларға үлестіріліп, облыс орталығы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш аудандарындағы тұрақты эпидахуалды қамтамасыз ету үшін қызмет ететін болады. Көлік кілттерін облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жанабергенова және санитариялық-эпидемиологиялық саланың ардагері Амангелді Бисенов табыстады.

Қызметтік автокөліктер берілді

Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Д.Жанабергенова бұған дейін тозығы жеткен көліктермен ауру ошақтарына жету мәселесінің қиындық  тудырғандығын, әсіресе, бұл аудандарда, шалғай елді мекендерде өте өзекті екендігін айтып, бұл автокөліктердің инфекциялық, паразитарлық аурулардың эпидемиологиялық ошақтарын уақтылы тексеруде таптырмайтын құрал екендігін атап өтті.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті нығайту және дамыту – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласына деген сын-қатерлерге уақтылы және жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<