Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №41 қаулысы

1537

0

«Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 583 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі №583 қаулысына мынадай өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:

17-тармақта:

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және мүдделі ұйым­дардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атау­лы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;»;

22), 23) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«22) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

23) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;»;

мынадай мазмұндағы 40-1), 40-2) 40-3) 40-4) 40-5) 40-6) тармақшаларымен толықтырылсын:

«40-1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

40-2) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;

40-3) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;

40-4) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына «Техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беретін үздiк ұйым» грантын төлейді;

40-5) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес функцияларды жүзеге асырады;

40-6) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бо­йынша аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;».

2. «Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.С.Байқадамовқа жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының әкімі                 Г. Әбдіқалықова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<