Қызылордада екпе салуға қажетті 39 арнайы мобильді топ құрылған

542

0

Қызылорда облысының алыс ауылдарында екпе салуға қажетті 39 арнайы мобильді топ құрылды. Бұл туралы аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.

Пандемиямен күресте дәрі-дәрмектің жеткілікті болуы маңызды. Өңірде індетті алдын алуға бағытталған кешенді шаралар нәтижесінде дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры қалыптасқан. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 488 млн теңге бөлінген.

Баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірде дәрі-дәрмек бағасының шектен асыру жағдайына жол берілмейтінін жеткізді. Сондай-ақ, тұрғындардың денсаулығы үшін екпе егуге қажетті шаралар толық іске асқан.

Өңірде вакцина салдыруға қажетті 106 екпе бөлмесі ашылған. Оның 91-і ауылдық жерде орналасқан. Мұнан бөлек, шалғай ауылдардағы тұрғындарға екпе салу үшін 39 арнайы мобильді топ құрылған.

Айту керек, 1 ақпаннан бері облысқа QazVac-in, HayatVax, Спутник-V вакцинасынанІ компоненті бойынша 129050 келіп, оның 74% салынған. Ал, екінші компонентінде 87300 жеткізіліп, 46,8% салынған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<