25 сәуірде Қызылорда облысынан ҚР Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді.
Сайлауды ұйымдастыру және өткізуге арналған Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 4 сәуір сағ: 18.00-де кандидаттарды тіркеу уақыты аяқталды.
Әрбір кандидаттың құжаттарының талапқа сай сәйкестігі тексеріліп, тіркеу қорытындысы айқындалды.
Осылайша ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 3 кандидат тіркелді.
Енді кандидаттар үшін үгіт кезеңі жүруде. Үгіт 24 сәуір күнге дейін жалғасады.
Айта кетейік, Сайлау заңнамасына сәйкес Сенат депутаттары жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде сайланады. Жанама сайлау құқығы Парламент Сенатының депутатын сайлауға дауыс беруге тек сайлаушылар – мәслихат депутаттары ғана қатысатынын білдіреді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<