Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді.
ҚP Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының Өкімі
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылғы 5 ақпанда сағат 12-де Астана қаласында шақырылсын.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.НЫҒМАТУЛИН
Астана, Парламент Мәжілісі
2018 жылғы 1 наурыз. №20
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<