Республика күні қарсаңында сырбойылықтар марапат төрінен көрінді

282

0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін Өнер орталығында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған құқық қорғау органдарының, басқарма, департаменттердің басшылары, зиялы қауым өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Аймақ басшысы өңірдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Республика күні қарсаңында сырбойылықтар марапат төрінен көрінді

Атап айтсақ, еңбек ардагері Жарылқасын Шәріпов ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Тағы 7 азаматқа «Парасат», 15 азаматқа «Құрмет» ордені, 22 азаматқа «Ерен еңбегі үшін», 2 азаматқа «Шапағат» медалі мен «Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Басқосуда облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<