Саяжай тұрғындарының өтініші бақылауға алынды

552

0

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы қала әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп, ПМК 29 саяжайы тұрғындарының жол және тұрақты жолаушылар тасымалы қызметін ұйымдастыру жөніндегі шағымдары бойынша аталмыш саяжайда болып, мониторинг жүргізді. 

Саяжай тұрғындарының өтініші бақылауға алынды

Зерделеу барысында саяжайға келетін жол жөндеуді қажет ететіндігі және саяжай тұрғындары үшін тұрақты жолаушылар көлігін қамтамасыз ету қажеттігі анықталды. Айтылған мәселелер партия назарынан алынып, ағымдағы жылдың 20-шы желтоқсанына дейін біріншіден жолды күрделі жөндеуден өткізуді, екіншіден жолаушылар тасымалын тұрғындармен келісе отырып, тұрақты қамтамасыз етуді  Қызылорда қаласы әкімдігіне ұсынылды.

Саяжай тұрғындарының өтініші бақылауға алынды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<