Сенаторлар 5 мыңнан астам қазақстандыққа  есту аппараттарын тегін алуға мүмкіндік беретін Заңды мақұлдады

180

0

Фото: Сенат телеграм арнасынан

Сенаторлар 5 мыңнан астам қазақстандыққа  соның ішінде 2500 балаға есту аппараттарын тегін алуға мүмкіндік беретін Заңды мақұлдады деп хабарлайды Syrboyi.kz   сайты. 

Бұл мүмкіндік мүгедектігі жоқ азаматтарға таралады. Қабылданған құжат аясында сақтандыру жүйесіне қатыспауына қарамастан онкоскринингке барлық азаматтар қол жеткізетін болады.

Сондай-ақ құмар ойындардың жарнамасын мобильді құрылғыларға жіберуге тыйым салуды және букмекерлік кеңселердің жарнамасына жаңа шектеулер енгізуді көздейді. Аталған өзгерістер әлеуметтік қорғау мен денсаулықты жақсартуға, сондай-ақ қажетсіз контент пен лудоманиядан қорғауға бағытталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<