Шиелі ауданының екі ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

54

0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Тәуелсіздік күніне орай Шиелі ауданының «Тартоғай» және «Алмалы» ауылдарында дәрігерлік амбулатория ашылды.

Салтанатты жиындарға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, жаңа нысандардың ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.

«Баршаңызды еліміз үшін айтулы мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!

Ұлтымыздың қасиетті де қастерлі мерекесі күні «Тартоғай», «Алмалы» ауылдарында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа дәрігерлік амбулаторияны ел игілігіне табыстауға жиналдық.

Шиелі ауданының екі ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында аймағымыз байыпты бастамалар мен жасампаз жобалардың ордасына айналуда. Өткен 11 айдың қорытындысына қарасақ, өңіріміз барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алдыңғы қатарда. Облыс бюджеті 750 млрд. теңгеден асты. Осыдан екі жарым жыл бұрын аймақ бюджеті 364 млрд теңге болатын. Өсім 206 пайызды құрады.

Дені сау ұрпақ – Әділетті Қазақстанның келешегі. Ұлт саулығын нығайтып, ауыл халқына сапалы медициналық қызмет көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Жаңа ғимарат баршаңызға құтты болғай! Еліміз еңселі, тірлігіміз берекелі, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!», – деді Н.Нәлібаев.

Рәсімде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қорғанбек Қайруллаев бата беріп, еңбек ардагерлері, дәрігерлік амбулаторияларды салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Шиелі ауданының екі ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Биыл облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 146 млрд. 200 млн. теңгеге жетті.

Ұлттық жобамен барлық ауданда 27 медициналық нысан салынуы жоспарланып, өткен жылы 15 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет пайдалануға берілді. Биыл 9 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік- акушерлік бекет іске қосылады. Оның ішінде, Шиелі ауданында 3 дәрігерлік амбулатория Досбол би, Бала би, «Бұланбай бауы» ауылдарында салынды. Қалған 11 нысанның құрылысы аяқталуда. Бүгін «Тартоғай», «Алмалы» ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар ашылса, «Ортақшыл», Тәжібаев, «Бестам» елді мекендеріндегі медициналық нысандар жақын күндері ел игілігіне табысталады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<