ҮШІНШІ КОРЕЯ САММИТІ

394

0

Сейсенбі күні Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин үш күндік сапармен Пхеньянға келді. Әуежайда оны Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын күтіп алды. Бұл – Оңтүстік Корея президентінің соңғы 11 жылдағы Солтүстік Кореяға жасаған алғашқы сапары.

Мун Чжэ Ин мен Ким Чен Ын екеуі бір көлікке отырып, сыйлы қонақтарға арналған “Пэкхвавон” резиденциясына барды. Онда бүгін келіссөздердің алғашы кезеңі басталады. Екі ел президенті Солтүстік Корея ядролық бағдарламасын тоқ­тату, қос Кореяның өзара байланысы, Пхеньян мен Вашингтон арасындағы диалогтың жалғасы сияқты мәселелерді талқылайды.

 Бұл – қос Корея жетекшілерінің соңғы бір жылдағы үшінші саммиті. Екі саммит биыл сәуір мен мамыр айларында өткен. Сәуірдегі кездесуінде Мун Чжэ Ин мен Ким Чен Ын екі ел арасында бейбіт келісім жасауға ниетті екендіктерін мәлімдеген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<