Мемлекет басшысының Жарлығымен Шымкеттегі бірқатар азамат мемлекеттік марапатқа ие болды, деп хабарлайды Ақорда. ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап құжаттың толық мәтінін жариялайды.
***
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
2022 жылғы 27 қыркүйек
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталсын:
«Парасат» орденімен
Тайжанов Бақтияр Байдуллаұлы – «Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газетінің бас редакторы;
«Құрмет» орденімен
Байтанаев Бауыржан Әбішұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ә.Марғұлан атындағы археология институты» РМК бас директоры, Шымкент қаласы
Бегешев Есенгелді Ибрагимұлы – « № 2 қалалық аурухана» МКК дәрігері, Шымкент қаласы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Хан Ксения Александровна – «Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ спортшысы;
«Шапағат» медалімен
Үсенова Әсем Мұхтарқызы – «№ 89 IT мектеп-лицей» КММ тәрбиешісі, Шымкент қаласы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 26 қыркүйек
№ 1023
Фото: akorda.kz
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<