Сот экс-министр Біртановты үйқамақтан босатудан бас тартты

565

0

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты экс-министр Елжан Біртановты үй қамауынан босату туралы өтінішті қабылдамады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2021 жылғы 14 шілдедегі қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдікті Біртановтың үйқамақта болу мерзімін екі айға санкциялау туралы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын. Адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмайды. Қаулы түпкілікті, шағымдануға жатпайды», деді судья Элеонора Оңғарсынова.

Еске салайық, 14 шілдеде мемлекеттік айыптаушы Санат Талқанбаев экс-министр Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімін тағы 2 айға, яғни 14 қыркүйекке дейін ұзартуды талап етті. Сот шешімімен келіспеген қорғаушылар аппеляциялық шағым берген болатын. Алайда, сот бұл шағымды қанағаттырмады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<