Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Викторович Ильин Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.
Министр алдымен «112-Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметтің» мамандарымен кездесті. Қызылорда өңірінде республика бойынша алғаш рет 2018 жылы 20 қарашада «БКДҚ-112» пилоттық режимде «Жедел жәрдем» стансасы базасында өз жұмысын бастаған болатын.
«БКДҚ-112» инфраструктурасы «Көмек-112» бірыңғай ақпараттық жүйесімен ІP телефоны арқылы қоңыраулар қабылдап отырады. Цифрлық картографиямен қамтамасыз етеді, тасымалдау автокөліктеріне мониторинг жасайды. оқиғалар карточкаларын жүйелейді, сонымен бірге «101», «102», «103», «112» қызметтерін «112» нөміріне біріктіреді және 15 пульт операторы бар колл-орталығынан тұрады. «БКДҚ-112» өңір халқына тәулік бойы қызмет көрсетеді.
Сонан соң Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильин мен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары М.Жайымбетов Тасбөгет кентіндегі «Қызылорда су торабындағы» жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмысын көрді.
«Қызылорда су торабы» – «СреднеАзгипрохлопок» жобасы бойынша салынған және 1956 жылы пайдалануға берілген. Су торабы су тасқынының алдын алу, елді мекендерді шайып кетуге және су басуға жол бермей Сырдария өзенінің ағынын реттеп отырады. Сонымен қатар 120 мың гектар суармалы жерлер мен 250 мың гектар жайылымдық және шабындық жерлерді сумен қамтамасыз етуді жақсартады. Су торабының өткізу қабілеті – 1200 м3/с. Айта кету керек, су торабында сол жағалау және оң жағалау шлюздер-реттегіштер магистральдық каналдар бар.
Қазіргі уақытта мердігер «КаспианКонтракторсТраст» ЖШС күрделі жөндеу жүргізуде.
Одан соң Төтенше жағдайлар минситрі Ю.Ильин Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Жедел құтқару жасағының базасында құтқарушылармен кездесті. Ол құтқарушылармен жүздесіп, құтқару құрал-жабдықтары мен техникаларын көрді.
Қазіргі уақытта мердігер «КаспианКонтракторсТраст» ЖШС күрделі жөндеу жүргізуде.
Одан соң Төтенше жағдайлар минситрі Ю.Ильин Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Жедел құтқару жасағының базасында құтқарушылармен кездесті. Ол құтқарушылармен жүздесіп, құтқару құрал-жабдықтары мен техникаларын көрді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<