Мемлекет басшысы халқымыздың саны 20 миллионға жеткенін айтып, ақжолтай хабарға құтты болсын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің құттықтауы Х парақшасында жарияланды:
«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді».










