Президент Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымынан босатылды.
Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымына тағайындалып, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылып, Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалып, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды.
Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалып, Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<