Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың Twitter-дегі парақшасын кім жүргізетінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Адамдар арасында кез келген мемлекеттік лауазымды тұлғаның әлеуметтік желілердегі парақшаларын көмекшілері немесе баспасөз қызметі жүргізеді деген жаңсақ пікір бар. Жоқ, Президент Twitter-де ұсыныстарын, халыққа үндеуін өзі жазады. (…) Берген тапсырмаларын да өзі жазып шығарады», – деді Берік Уәли «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<