Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың ұсынысымен басталып, жергілікті демеушілердің қолдауымен тұрғын үйлердің сырты заманауи панельдермен қапталатын болады.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айдын Әнуар мәлімдеді.
– Қазіргі таңда орталықтағы 18 тұрғын үйдің сырты фасадтармен қапталатын болады. Абай даңғылы, Ғани Мұратбаев көшесі, орталық алаңдағы тұрғын үйлердің қаптау құрылысы кезең-кезеңімен жалғасады. Бүгінде төрт үйдің жұмысы басталып кетті. Аталған нысандарды мамыр айының басында тапсыру көзделіп отыр. Жоспарымызда 25 тұрғын үй бар, – деді Айдын Серікұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<