Жаңақорғандағы мектеп құрылысымен танысты

788

0

Құрылыс жобаларын уақытылы әрі сапалы орындау басты міндет. Бұл ретте әлеуметтік нысандарға бөлінген қаржыны мақсатты әрі тиімділігіне қарай бағыттау қатаң қаралады. Облыс әкімі мектеп құрылыстарына қатысты мердігерлерге осындай талап қойған еді. Жаңақорған ауданына барған жұмыс сапарында аймақ басшысы кентте салынып жатқан 300 орындық мектеп құрылысымен танысты. Мердігерлермен сөйлесіп, құрылыс саласына қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Мектеп құрылысын «Авангард» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырады.

Жұмыс барысымен жіті танысқан Нұрлыбек Нәлібаев мектеп салу ісінде нақты қажеттілік ескерілу керектігін қаперге салды.

– Демографиялық өсімнің нәтижесінде мектепке баратын балалар саны артып келеді. Соған сәйкес, біз мектептерге талдау жасап, нақты қажеттілікті шығаруымыз қажет. Қаладағы бірқатар мектептерді аралап шыққанда байқағаным, бала саны өте көп мектептердің аумағында бос жерлер бар. Ал, керісінше бала саны аз аймақтарға тым көп сыйымдылықтағы мектептерді салып қоямыз. Бұл дұрыс есептіліктің жоқтығынан туындайды,-деді,-деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетейік, алдағы 3 жылда Қызылорда облысында 32 мемлекеттік және 9 жекеменшік мектеп салынатын болады. Оның ішінде 2 білім ордасы апатты мектептердің орнына салынбақ.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<