Жобалар сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс

645

0

Сұлтан Бейбарыс көшесін (Н.Назарбаев даңғылы мен Тәуелсіздікке 25 жыл көшесінің аралығы) орташа жөндеу және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бұл көшенің бойында автокөлік ағымы басым екендігі белгілі. Сондықтан жолдың ені 4 жолақтыдан 6 жолақтыға кеңейтілуде. Бүгінде көшенің кеңейген бөлігін қоса алғанда беткі асфальт қабатына жабынды төселуде. Айта кету керек, құрылыс жұмыстарымен қатар жол белгілері қайта жаңғыртылып, жаңа бағдаршамдар орнатылады, аялдамалар салынады. Жөндеу жұмыстарына жауапты – «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС. Аталған көше тамыз айының 15-не ашылатын болады.

Жобалар сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс

Ауқымды шаруалардың барысын пысықтау мақсатында құрылыс нысандарын аралаған қала әкімі Асылбек Шаменов мердігерге жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде тапсыруды жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<