Жол қауіпсіздігі бойынша жұмысшы топ отырысы өтті

515

0

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналиновтің төрағалығымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша ведомствоаралық жұмысшы топ отырысы өтті.

Жол қауіпсіздігі мәселесінің күрделілігін ескере отырып, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің жедел штаб отырысында өңірлерде ведомствоаралық жұмысшы топ құру тапсырылған болатын.

Оның қызметі мен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жайында аталған комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы Тұрсынқожа Үсенов, облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Дәурен Майрихов баяндады.

Отырысты қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары осы бағыттағы жұмысты тиімді ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Облыстық полиция департаментіне автомобиль жолдарындағы қауіпті учаскелерді анықтап, кемшіліктерді жою және сол аумақтарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды. Сонымен қатар мүдделі органдармен бірлесіп, қалаішілік және облысаралық бағытта жолаушылар тасымалдайтын тұлғаларды қатаң бақылауға алуы тиіс. Жол жүру ережелері талаптарының орындалуын бақылайтын рейдтік іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылғанда, жұмыс нәтиже бермек.

Ал «ҚазАвтожол» акционерлік қоғамының облыстық филиалына облыстық полиция департаментімен бірлесіп, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізін тексеріп, қауіпті аймақтарда жүргізушілер үшін арнайы құралдар мен жол белгілерін орнату, елді мекен тұрғындарына төрт түлік малды бақылау жөнінде түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу тапсырылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<