Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы дәріханаларды аралап, жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
Аймақ басшысы дәріханаларға дәрі іздеп келген қала тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Тұрғындардың айтуынша, кейбір тұтынушылар дәрі-дәрмекті шектен тыс көп алуынан нағыз науқастарға керек уақытта дәрі жетпей қалуда. «Бүгінде дәрі тапшылығы сезілуінің бір себебі – осы» дейді олар.
Облыс орталығындағы Ғ.Мұратбаев №76 мекен-жайындағы «Europharma», «Шұғыла» шағын ауданы №19 мекен-жайындағы «Доктор плюс», Яссауи көшесі №24 Б мекен-жайындағы «Farmcity» дәріханаларына арнайы барған облыс әкімі вирусты емдеуге қажетті препараттардың бар-жоғын нақтылады. Осы күні дәріханаларда сұраныстағы дексаметазон, ингавирин сияқты дәрілер мен дәрумендер және дене қызуын өлшейтін құрылғылар тапшылығы сезілді. Аймақ басшысы қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен дәріхана иелеріне тез арада дистрибьюторлармен байланысқа шығып, мәселені шешуді тапсырды.
Айта кету керек, қазіргі күні облыс әкімдігі тарапынан кәсіпкерлермен қажетті дәрі-дәрмек алу жөнінде келісімдер жасалды. Нақты кезеңде қаламыздағы ірі дәріхана желілеріне дәрілер жеткізіле бастады.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<