Дәстүрлі Білім күнін өткізу туралы әдістемелік ұсыныстар білім басқармасына және мектеп директорларына жіберілді. Бұл туралы Білім министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, мерекелік шаралардың екі форматы қарастырылған. «Кезекші сыныптардың» оқушылары үшін мұғалімдер кабинеттерде сынып сағаттарын өткізеді. Ал кейбір оқушылар үшін «қашықтан», яғни онлайн.
«Әдетте қалай болушы еді. 1 қыркүйекте балалар мектепке келушә еді, салтанатты жалпы мектептік жиын болып, одан кейін балалар сынып сағаттарын өткізген сыныптарға баратын. Бұл жағдайда осы форматта жалпы мектепішілік жиынның қажеті жоқ. Әр сыныпта сынып сағаттары болады. Егер балалар күндізгі бөлімде оқитын болса, мұғалім балаларымен сынып сағатын және барлық қажетті шараларды өткізеді. Ал егер оқушылар қашықтан оқитын болса, онда 1 қыркүйекте сынып сағатын өткізу үшін мектепке келудің арнайы қажеттілігі жоқ. Олар үшін барлығы қашықтықтан ұйымдастырылады»,- деп жауап берді министр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<