140 балл: Ауыл мектебінің түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуде рекорд орнатты

4524

0

Фото: ашық дереккөз

Жаннұр Еңсебек есімді оқушы бірде-бір барлық сұраққа дұрыс жауап берген.

Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебінің  түлегі Жаннұр Еңсебек барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинады, деп хабарлады turkystan.kz.

Жаннұр Абзалұлының бұл жетістігі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. 

«Жаннұрым, жарадың! Менің оқушым, менің түлегім! Ақылына көркі сай, ақылдым сол! Ол шағын ғана аралас мектептің оқушысы. Болашағынан зор үміт күттіретін түлегім! Сені тәрбиелеген ата-анаңа рахмет!», деп жазды Еңсебек Жаннұрға ұстаздық еткен мұғалім Нұргүл Серікқызы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, кеше ғана жаңаөзендік Абзал Оңғарбаев 139 балл жинап, ең үздік нәтиже көрсеткен болатын. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<