![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2018-10/1540978434_images.jpg)
Басқарма басшысының сөзінше, аталған мәселені шешу мақсатында қалада тағы 8 мектеп салынады.
«Елбасы Жолдауындағы басты мәселенің бірі – апатты және 3 ауысымды мектептерді күрделі жөндеу. Бұл мәселені шешу үшін қосымша ғимараттар салу, бос ғимараттарды қолдану, жаңа мектептер ашу қарастырылуда. Алдағы уақытта инвесторлар 8 мектептің құрылысын бастамақ. Ал 12 мектептің құрылыс жобалары бекітілуде», – деді Ақерке Абылайхан.
Басқарма басшысы сондай-ақ, Елбасы Жолдауында айтылған мәселелер бойынша шымкенттік мұғалімдерге тұрғын үйдің сертификаты тапсырылғанын атап өтті. Ондай қолдау алдағы кезде де жалғасын таппақ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<