Шығыс Қазақстан облысында өткен Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадада Қызылорда қаласындағы NIS оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, екі жүлделі орынды иеленді.
10-сынып оқушысы Ақнұр Мұсабаева (жетекшісі – Гаухар Мананбай) және 9-сынып оқушысы Айару Жеңісбай (жетекшісі – Жадра Ажибаева) олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ орын жеңіп алды.
Білім сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Қатысушылар эссе жазу және теориялық білім бойынша өзара сынға түсті.
Айта кету керек, Ақнұр биылғы оқу жылында пәндік олимпиаданың желілік кезеңінде І орынды жеңіп алып, Ұлттық зияткерлік меншік институты ұйымдастырған республикалық эссе байқауында үздік атанды. Ал Айару өткен оқу жылында 7–8-сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен юниорлық олимпиаданың желілік кезеңінде І орын алған болатын.
– Олимпиадаға дайындық барысында тіл, мәдениет пен тарихты жан-жақты зерделеуге мүмкіндік алдым. Эссе жазу арқылы көркем ойлау қабілетім артып, әдеби шығармаларды талдау арқылы ой-өрісім кеңейді, – дейді Ақнұр.






