ҰБТ-ның шекті балы белгілі болды

1506

0

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін қажетті ҰБТ-ның шекті балы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі айтып берді. Ағымдағы жылы ұлттық біріңғай тестілеуді тапсыруда айтарлықтай өзгеріс болмайды. Тек өткізілу барысы пандемия жағдайына ыңғайластырылатын болады. Алайда оқуға тапсырушылар үшін шекті бал өзгеріске ұшыраған. 

«Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл, ал басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына кемінде 50 балл», – дейді министрлік.

ЖОО-ның деңгейімен қатар, жекеленген мамандықтарға қатысты да нақты шекті балдар анықталған. Бұл мәселеге де министрлік кеңінен тоқталды. Биылғы жылы әдеттегідей дәрігер болғысы келетін тапсырушыларға талап қатал. 

«Педагогикалық ғылымдар саласы бойынша кемінде 70 балл. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласы бойынша кемінде 65 балл қажет. «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария»  білім беру салалары бойынша кемінде 60 балл», – дейді олар. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<