Қызылордада коронавируспен күресіп жүрген медицина өкілдерінің балаларына планшет берілді.
Игі шараға денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің «Senim» салалық кәсіптік одағы РҚБ облыстық филиалы ұйытқы болды. 44 планшет алу үшін 1 232 мың теңге жұмсалды.
Аталған рәсімге облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.Шүкірова, филиал төрағасы Асылхан Абылайханұлы қатысты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<