597 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

1138

0

Бүгін – барлық білім ордаларында мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру күні. 11 жыл білім алған шәкірттер «Алтын белгі», «Үздік аттестат» алып, мектептерімен қоштасады.

Ерекше күнде түлектердің қуанышына ортақтасқан облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова Қызылорда қаласындағы #218 мектепке барып, шәкірттерді құттықтап, игі тілегін арнады.

Білім ұясында 16 оқушы 11-сыныпты аяқтап отыр. Оның 3-і «Алтын белгі» иегері. Оқушылардың барлығы Ұлттық тестке қатысып, жоғары ұпай иеленуде. Салтанатты шарада түлектер ән айтып, вальс биледі. Ата-аналар ақ тілектерін арнап, шәкірттер ұстаздарына алғысын білдірді. Басқарма басшысы мектеп бітіру салтанатынан кейін білім ұясының жағдайымен танысып, сыныптарды аралап, ұстаздармен тілдесті.

Айта кетейік, аймақта биыл 7007 оқушы мектеп бітірді. Оның 597-і » Алтын белгі» иегері атанса, 493-і Үздік аттестат иегері. Өңірде Ұлттық тесттен ең жоғары 137 ұпайды екі оқушы иеленді. Оның біреуі Қызылорда қаласының, екіншісі Сырдария ауданының түлегі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<