Мұндай шешімді құрамына Парламент депутаттары мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары, мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін ведомствоаралық жұмыс тобы қабылдаған.
«2019-2020 оқу жылына жалпы жиыны 69 256 грант бөлінбек. Оның ішінде бакалавриатқа – 53 785 грант, магистратураға – 13159 грант, PhD докторантураға – 2312 грант бөлінді. Биылдан бастап білім беру гранттары білім беру бағдарламаларына тағайындалады. Бакалавриатта – 97 білім беру бағдарлама, магистратурада – 154 және докторантурада – 150 білім беру бағдарламасы бар. Оқуға түскен грант иегері солардың бірін таңдауы керек», – делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<