30 желтоқсан күні еліміз бойынша ІІ оқу тоқсаны аяқталады. ІІІ тоқсанда қызылордалық 71589 бала мектепке барып оқиды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
Оқушылар 11 күн демалады. Қысқы каникул уақыты – 31 желтоқсан мен 10 қаңтар аралығында. ІІІ оқу тоқсаны 11 қаңтарда басталады. 1-5 сыныптар үшін кезекші топтар жұмыс істейді. Бала саны 300-ден аспайтын мектептерде оқу дәстүрлі форматта ұйымдастырылады.
– Негізгі өзгешелік, 9 және 11 сынып оқушылары сантиралық-эпидемилогиялық талапты сақтай отырып, аралас форматта, яғни дәстүрлі түрде мектепке барып оқиды. Балалар қорытынды емтихан мен ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі міндетті компонентті пәндер бойынша білім алады, – деді ол.
Алдағы оқу тоқсанында мектептерде оқушылардың қашықтан оқу барысында игерілуі қажет оқу бағдарламасын толықтыру үшін 5 оқушыдан аспайтын топтарда консультациялар ұйымдастырылады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<