Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласындағы №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектепте бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Ардагерлер мен мектеп ұстаздарына арналған демалыс бөлмесі ашылды.
Ғұмырын балалардың жарқын болашағына арнаған мұғалімдердің еңбегі өлшеусіз. Ұлт ұстазы атындағы мектепте мұғалім мәртебесінің жоғары болуы қашанда маңызды, қолдау жоғары. Айта кету керек, педагогтарға арналған арнайы бөлме барлық керек жабдықтармен қамтылды. Сондай-ақ, «Қалдырған ізін мәңгілік, жадымда тұрар жаңғырып» атты арнайы стенд жасады.
Мереке қарсаңында мектеп директоры Әлия Көшкінбаева мұғалімдерді онлайн құттықтап, пандемия кезінде жаңа өзгерістреге жылдам бейімделіп, балалардың сапалы білім алуы үшін аянбай тер тегіп жүрген мұғалімдерге алғыс айтты.
– Барлық ұстаздар қауымы қандай құрметке де лайық. Біздің білім ордасында 50-ге тарта зейнеткер ұстаз бар. Ол кісілердің салып кеткен сара жолы кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге. Ардагер ұстаздар мен бүгінгі буын жас мамандар арасындағы сабақтастық жалғасын таба берсін! – деді ол.
Ардагер ұстаздар атынан бастауыш сыныптың мұғалімі Роза Берекенова кәсіподақ ұйымына алғысын білдірді.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<