Ауыл мектебінен NIS-ке: Жанерке Қуаныш

707

0

– NIS-ке құжат тапсырар алдында зерттей бастадым. Ғаламтор желісінде бірнеше материалды көріп, заманауи кабинеттер мен оқушылар зерттеу жұмыстарымен айналысуға жасалған жағдай ерекше қызықтырды және түсуге деген қызығушылығымды одан әрі арттырды, – дейді Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Пірімов ауылының №92 орта мектебінің оқушысы Жанерке Қуаныш.

«Өркен» білім беру грантының иегері болашақта мектептің үздік оқушысы атанып, халықаралық емтихандарды сәтті тапсыруды мақсат етіп отыр. Сонымен қатар қосымша тоғызқұмалақ, волейбол мен би үйірмелеріне барып, жан-жақты дағдыларды игеруді жоспарлайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<