Бәйтерек мөлтек ауданында мектеп қолданысқа беріледі

1291

0

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен Бәйтерек ауданында көшпелі брифинг өтті. БАҚ өкілдері Қызылорда қаласына қарасты Бәйтерек мөлтек ауданында 2020 жылы маусым айында басталған 600 орындық мектептің құрылысымен танысты.

– Бүгінгі таңда мектеп құрылысының 95 пайызы тәмамдалды. Қазіргі күнде сыртқы абаттандыру жұмысы, жетіспейтін құрал-жабдықтарды жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Білім беру ордасы 2023 жылдың мамыр айында толық бітеді деген жоспар бар. 2023-2024 оқу жылында қолданысқа беріледі деп күтілуде, – деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев.

– Мектеп мәселесі толық шешіледі. Білім ордасының 40 сынып кабинетін ашуға мүмкіндігі бар. Бұған қоса, мектеп қолданысқа берілгенде 86 мұғалім, 61 кіші техникалық қызметкер жұмыспен қамтылады. 2023 жылы қыркүйек айында ашылу салтанатын өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Білім үйі 2 ауысымда 1200 оқушыны қабылдауға әзір, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Боданов.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<