Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі және Педагогикалық шеберлік орталығы бірлесіп аймақтағы №5, 6, 7 арнаулы мектеп-интернаттарының мұғалімдеріне вебинар өткізді.
Жиын басында сөз алған Педагогикалық шеберлік орталығының әдіскері Ерболат Оспанов инклюзивті білім берудің жаңаша тұстары туралы ақпарат беріп, ерекшеліктерін талдап көрсетті. Сондай-ақ, мұндай білім беру жүйесінде кездесетін қиындықтар мен мәселелерге тоқталып, оның шешу жолдарын ұсынды.
Аталмыш жиында Назарбаев зияткерлікмектебінің педагог- ұйымдастырушы-кураторлары ГүлзатШынтасова мен Ақбота Жұмабаева тәрбие саласындағы бірқатар жұмыстарды, оның ішінде ата-ана мен жүргізілетін жұмыс формаларына тоқталды. Жеке, топтық, ұжымдық деп үш топқа бөліп қарастыра отырып, ата-аналар жиналысын тиімді өткізу, ата-аналар мектебін құру, отбасылық іс-шараларды ұйымдастырудың оңтайлы жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, ерекше жағдайды қажет ететін оқу орындарына бейімдеп өткізуге болатын әдіс-тәсілдерімен де бөлісіп, тәжірибе алмасты.
40-тан аса мұғалім қатысқан вебинарда ұйымдастырушылар қатысушыларға әрдайым әдістемелік көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<