Басқарма басшысының орынбасары тағайындалды

723

0

Сурет ашық дереккөзден

Облыстық білім басқармасы басшысының 2023 жылғы 16 қазандағы №98-жқ бұйрығымен басқарма басшысының орынбасары уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Қали Бектұр Асанханұлы тағайындалды.

Бектұр Асанханұлы 1971 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер» және «Физика-информатика пәндерінің мұғалімі» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Қазалы ауданындағы №216 орта мектеп мұғалімі болып бастаған. 2002-2003 жылдары №234 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды. 2003-2008 жылдары Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы, ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі, әлеуметтік-саяси бөлімі меңгерушісі орынбасары қызметтерін атқарған.

2008-2015 жылдары Қызылорда облысының балалар құқықтарын қорғау департаменті, қалалық білім бөлімі, Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің әкімшілік және қаржы жұмыстары бөлімінің басшысы лауазымдарында абыройлы қызмет атқарды. 2015-2018 жылдары Атырау облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы болды. 2018-2021 жылдары Қазалы аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары, бөлім басшысы қызметінде болды.

2023 жылғы мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының білім басқармасы тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<