Саралап оқыту – бұл оқыту үрдісін ұйымдастыру формасы, мұғалім оқу үрдісі барысында бірыңғай сапалық қасиеттері бойынша қалыптастырылған оқушылар тобымен жұмыс істейді.Саралап оқытуәрбір оқушының мақсатқа жетуіне ықпал етеді. Әрине, әр оқушыны өз мүмкіндігіне қарай оқытқан жөн.
Саралап оқыту әртүрлі оқушылар тобы үшін арнайы оқу үдерісін қамтамасыз ететіндіктен,саралау түрлерін тиімді қолдану әр оқушының қажеттілігін ашу мен қолдауға, оқыту үдерісін жетілдіруге, оқу бағдарламасының қойған мақсат, міндеттеріне жетуге және кең ауқымды дағдыларды игеруіне мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде мұғалімдерден оқыту үдерісі мен мазмұнды дұрыс саралауды және олардың түрлерін таңдай алуды талап етеді.
Оқыту үдерісін саралауға тоқталсақ,бұл– жаңа материалды ұсыну жолдары, оқушылар орындайтын жаттығулар, қойылатын сұрақтар, оқыту әдістері мен оқушылардың бойында дамытылатын ойлау үдерісі. Әр оқушы үшін оқу үдерісі – оның өз ұғымын жетілдіру үшін білім беру бағдарламасының мазмұнын игеруі. Саралау үдерісі анағұрлым жоғары деңгейлі ойлау үдерісін пайдалануды ынталандырады. Мұғалімдер білім беру бағдарламасын тиімді саралау үшін келесі өзгерістерді енгізе алады:
1. Жоғары деңгейлі ойлау дағдылары: пайдаланылатын әдістер ақпаратты алуға емес, оны пайдалануға айрықша баса назар аудару керек; оқушылар мәліметтерді жаңа жағдайларда қолданып, оларды жаңа идеялар құру үшін пайдалануы, орындылығын бағамдауы және оны жаңа өнім жасау үшін пайдалануы керек.
2. Ашықтық: жаттығулардың басым бөлігі ашық жаттығудан, яғни жалғыз дұрыс жауабы болмайтын, одан әрі ойланып, зерттеуге жетелейтін тапсырмалардан тұруы керек.
3. Жаңалық ашу: жаттығулардың басым бөлігі оқушылардың заңдылықтарды, идеяларды және негізгі қағидаттарды аңғаруы үшін ойлау үдерісін пайдалана алатын түрлі жағдаяттардан тұруы керек.
4. Ой-пайымдарының дәлелі: оқушыларға өз қорытындыларын ғана емес, осы қорытындыны жасауға негіз болған пайымдарын да айтуды ұсыну керек.
5. Таңдау еркіндігі: оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі берілуі керек.
6. Қарқын және әралуандылық: жаңа материалды таныстыруда мүмкін болса қарқынды жылдамдату және оқушының қызығушылығын қолдайтын және әртүрлі оқу стильдерін қамтитын әдіс-тәсілдерді пайдаланған дұрыс.
Қашықтықтан оқыту жағдайында да бұл назардан тыс қалмауы тиіс.Мысалы, бастауыш сыныптардаматематика пәнінен қабілеті жоғары оқушылар үшін тапсырмаларды төмендегіше күрделендіруге болады:
- нәтиже белгілі бір бағытқа өзгеретіндей жағдайларды анықтау;
- бір көрсеткіштің өзгеруіне байланысты тапсырма нәтижесінің өзгерісін зерттеу;
- қойылған шарттарға байланысты есептің сұрағын өзгерту;
- көрсетілген ереже қолданылатын тапсырмаларды таңдау;
- кері есептер құрастыру;
- есептерді түрлі тәсілдермен немесе тиімді тәсілмен шешу.
Ал, қолдауды көп қажет ететін оқушылар үшін:
- есептің типін, оны шешу үшін қолданылатын ережені көрсету;
- тапсырманы орындау алгоритмін көрсету;
- тапсырмаға схема, сурет, қысқа жазба түрінде қосымша тіркеу;
- берілген тапсырмаға ұқсас тапсырманың орындалу үлгісін беру;
- кей бөліктері орындалған тапсырмалар беру;
- құрама есептерді бірнеше жай есептерге бөлу, т.б.
Мысалы, ыдыста 5 сары және 2 жасыл алма бар еді. Олардың3-еуін жеп қойды. Ыдыста қанша алма қалды?
Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға тапсырма: Есепті шығар.
Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға тапсырма: Есепті 2 тәсілмен шығар.
Жоғары қабілетті оқушыларға тапсырма: Есепті 3 тәсілмен шығаратындай етіп өзгертіп, шығар.
Тапсырманы күрделілік деңгейіне қарай оқушылардың өздерініңтаңдауы оң нәтиже бермек. Америкалық зерттеуші Cooper (1989) «Ешкімнің көмегіне жүгінбей орындай алмайтын тапсырма жақсы тапсырма емес» деген пікір айтқан.
Қашықтықтан оқу кезінде саралап оқытуды жүзеге асыру қажеттілігі арта түседі. Себебі, айтыла беретін қиын тапсырма берсе, қобалжитынжәнежеңіл тапсырма болса, зерігетін жағдай үйде оқу жағдайында өспесе, кемімейді. Оқушының сабақта сыныптастары, мұғалім әрдайым қасынан табылатын болса, үйде тапсырманы өз бетінше орындауы қажет болады.Дж.Флейвелл өзінің зерттеуінде танымдық дағдысы мықты оқушы тапсырманы орындау туралы нұсқау берілмесе, тапсырманы қабілеті жетіп тұрса да, орындамауы мүмкін деген. Сондықтан,оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатындай сараланған тапсырмаларды сапалы әзірлеумен қатар,орындау қадамдары мен алгоритмін дұрыс көрсету керек.
Әрине, қашықтықтан оқыту кезінде тапсырма мөлшерін азайтып, жеңілдеу тапсырма берген дұрыс. Бірақ академиялық қажеттіліктері жоғары, күрделі тапсырмаларды ұнататын оқушыларды естен шығармауымыз қажет. Оқу мақсаттарының иерархиясына және бағдарламаның бөлімдеріне қарай мұғалім тапсырманыңкүрделілік деңгейін анықтап,әртүрлі қабілетті оқушылар бар екенін ескере отырып, сараланған тапсырмалар әзірлеуікерек. Саралауда мұғалім оқушыларға түрлі қолдау жасай алады. Ресурстық қолдау, нұсқау арқылы қолдау, т.б. қолдау түрлерін қолданады.
Қазір оқушылар үшін өз бетінше оқуға жақсы мүмкіндік туындады. Әрине, қашықтықтан оқуда бейнежазба, аудиоматериалдар арқылы білім алудың өзіндік қиындықтары бар. Артықшылығы да жоқ емес, мұғалімдер будақ-будақ қағаз пайдаланып, таратпа материалдар дайындамайды. Балалардыңөз бетінше жұмыс жасау дағдылары артып, білім алуға деген жауапкершіліктері нығайды. Мұғалімніңәр баланы есепке алуына, әрқайсысыныңжұмысына кері байланыс беруіне мұмкіндік туды. Қащықтықтан оқыту кезіндегі қиындықтарды еңсеру үшіноқушыларға сенімді дереккөздерді ұсынып, сапалы сараланған тапсырмаларды құрастырған тиімді болмақ.
Жаннат Ахметова,
«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
оқу процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының
аға оқытушысы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<