БҒМ Қазақстандағы рейтингі ең төмен 10 университетті атады

1079

0

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова Қазақстандағы рейтингі ең төмен 10 университетті атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аутсайдер дегеніміз – ең төменгі орындарда тұрған жоғары оқу орындары. Биыл соңғы ондықтың ішінде Сырдария университеті, Шымкент университеті, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Астана университеті, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Академик Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, Қазақ-орыс халықаралық университеті, Болашақ университеті (Қызылорда), Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институты», – деді Гүлзат Көбенова Білім және ғылым министрлігінің онлайн отырысында.

Оның айтуынша бұл университеттерде жұмыс берушілермен бірге білім беру бағдарламасы құрылмаған. Осының салдарынан қажетті құзыреттер жоқ. Бұл университеттердің түлектеріне сұраныс аз. Осы оқу орындарынан шыққан түлектердің жұмыс орналасуы қиындау болып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<