Білім министрі $110 мың пара алды деген күдікпен ұсталды

677

0

Қырғызстан білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Министр аса ірі көлемде пара беруге бопсалау фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында ұсталды.

«Шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде аса ірі көлемде (110 мың АҚШ доллары) пара алу фактісі тергеліп жатыр», – делінген хабарламада.

Қырғыз ІІМ атап өтуінше, қылмыстық істі тергеу қорытындысы бойынша толық ақпарат беріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<