Биыл елімізде 3 млн 400 мың оқушы оқу жылын аяқтады, ал 150 мың оқушы мектеп бітіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биыл 10 мың оқу үздігі «Алтын белгі» алудан үмітті. Соңғы қоңырау шарасына тек аттестат алатын яки мектеп бітіретін түлектер ғана қатысты. Әр үйден тек бір ата-анадан ғана келуіне рұқсат берілді.
Санитарлық талаптардың сақталуын мамандар қатаң қадағалады. Ара қашықтық сақтады. Мамандар егер елдегі эпидемиологиялық ахуал жақсарып, екпе егу қарқыны үдесе, келесі оқу жылы дәстүрлі форматта өтуі мүмкін екендігін айтты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<