Бүгінгі брифингтен: Балаларды қорғау күніне өткізілетін іс-шаралар туралы

1572

0

Фото: Білім басқармасы

Бүгін өңірдің бас ақпарат алаңы өңірлік коммуникациялар қызметінде басқарма басшысының орынбасары Қали Бектұр Асанханұлының қатысуымен 1 маусым – балаларды қорғау күніне, балалардың жазғы демалыс орындарымен қамтылуы және бала қауіпсіздігі бойынша брифинг өтті.

1 маусым -Балаларды қорғау күнінде еліміздегі жағдайды ескере отырып және қауіпсіздік шараларды сақтап, балаларға арналған мерекелік шаралар 2024 жылдың 20 мамыр мен 12 маусым аралығында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында аталып өтілуде.

Балалар күніне арналған декада басқарма, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалардың ұйымдастыруымен көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға демалыс паркіне, «Еуразия» бассейіне, Мұз айдынына тегін билет беру, «Өнерлі қолдар», «Бүлдіршіндер – үлкен таланттар» балалар суреттері мен сәндік-қолданбалы өнер туындылары, этно стиль бағытындағы көрмесі, «Денсаулық лигасы» спорт түрлерінен жолдасты кездесулер, брэйк данс, картинг, атақты спортшылармен кездесулер өтетін болады.

Ағымдағы жылы өтетін шаралардың мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқығын қорғау мәселелеріне назар аудару болып табылады. Осыған орай, «Балалар қауіпсіз интернет күні» интернет қауіпсіздігі, кибербуллингтің алдын алу бойынша шеберлік сабақтар, тренингтер, іскерлік ойындар, Балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен «Әлем бала көзімен», «Ғажайып жаз!» бейнероликтерін әзірлеу, әлеуметтік желілерде челлендж, блог, емханаларда скринингтер, тексерулер жүргізіледі.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<