Қаладағы С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицейінде «Буллингтен қорған!» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өтті. Оған 6 «Б»сынып оқушылары, ұстаздар мен сынып жетекшісі қатысты.
Ашық тәрбие сағатында сынып жетекшісі Айпара Жағыпар мен Сара Адайбаева сабақтың маңыздылығына кеңінен тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгінде мектеп оқушылар арасында буллинг мәселесі әлі де күн тәртібінен түспей келеді. Сабақ барысында буллингтің алдын алу, орын алған жағдайда оқушы мен жауапты мамандар қандай әрекет ету керек сынды сұрақтар төңірегінде кеңінен айтылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Осы тақырып аясында деректер мен ақпараттар келтіріліп, сақтану шаралары жайына да тоқталды.
Бүгінде буллинг әлем мектептерінде кеңінен таралып отыр. Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессияны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді.
Сонымен қатар ашық тәрбие сағатында оқушылар буллингке ұшыраған достарына қандай көмек көрсету керек екені де талқыланды. Егер жоғары сынып оқушылары өздерінен кішкентай балаларға әлімжеттік көрсетсе, тиісті шара қаралатыны да айтылды. Балалар осы тақырыпқа байланысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.





