Екі күнде 20 мыңға жуық талапкер грант конкурсына өтініш берді

207

0

Фото: видеодан кадр

Кеше Қазақстанда жоғарғы оқу орындарына қабылдау комиссиясы жұмысын бастады. Сенбі-жексенбі демалыс екеніне қарамастан комиссиялар грант конкурсына өтінім қабылдап отыр. 

Кешелі бері грантқа түскен өтінім саны 19 774 болды. Бұл — бүгін кешкі 19.00 кезіндегі ақпарат. Бұл сан әлі өсе беретіні анық. 

Мұның ішінде 17 909 өтінім ұлттық тестілеу орталығы арқылы берілген. 

1865 өтінім — электронды үкімет арқылы.  

Талапкерлер мен ата-аналарға ыңғайлы болу үшін қабылдау комиссиялары демалыс күні де толық жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер кез келген ЖОО базасында құжат тапсыра алады.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<