«Елбасы медалін» 62 оқушы иеленді

985

0

Жаңашылдыққа жаны құмар, танымдық білімін арттыруға ниетті жастарға арналған «Елбасы медалінің» қола жүлдегерлері анықталды. Үздіктер қатарында көрінген қызылордалық 62 оқушы аталған медальді иеленді.

Салтанатты шарада білім басқармасының бас­­шысы Ақзира ­Қасымова жоба аясында бел­сенділік танытып, өз қа­бі­летін көрсете білген озық ойлы оқушыларға сәттілік тіледі.

– Тұңғыш Президент қорының бастамасымен қолға алынған «Елбасы медалі» – жастарды кешенді деңгейде қолдауға арналған бірегей жоба. Біздің өңірімізде талантты, кітап оқуға ынталы, спортқа әуес, шығармашылыққа бейім, жаңа идеяларды іске асыруға епті жастарымыз аз емес. Міне, сол үздіктердің ішінен 62 оқушы қола жүлдегер атанып отыр. Оның алғашқы 11-не медальді облыс әкімі өзі табыстап, құрметін жеткізген еді. Енді Қызылорда қаласының 30 оқушысы медаль иегері атанып отыр. Аудандардағы 21 оқушыға аудан әкімдері табыстайтын болады, – деді басқарма басшысы.

Университет, колледж, мектеп оқушылары арасынан жобаға қатысып, талаптарды үздік орындаған оқушылар лайықты құрметке ие болды. Айта кетейік, «Елбасы медалі» жобасына өңірден 430 оқушы қатыс­ты.

Мұнан бөлек, «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олим­пиадасында ауыл мек­тептерінен барлы­ғы 18 мың­нан астам оқу­шы бақ сынап, оның 75-сі жеңімпаз атан­ды. Нақ­ты кезеңде осы үздік жас­тардың 23-і дарынды балаларға арналған мектептерге конкурстан тыс қабылданып, Елбасы академиясы жанындағы «Бірге оқу» онлайн мектебінде пәндік дайындықтан өтуде.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<