IBO-2024: Әлемді бағындырған Әмина Сыр топырағына табан тіреді

52

0

Фото: Білім басқармасы

«Қорқыт Ата» әуежайынан биология пәнінен 35-ші халықаралық олимпиадасының «Қола» медаль иегері Тынарбай Әминаны басқарма басшысының орынбасары Бердәулетов Бағдат Камбозұлы, №10 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының ұстаздары мен сыныптас достары, ата-анасы күтіп алды.

Әлемнің 81 елінен 305 үміткер білімдерімен бәстестен бәсекеде қатарластарынан озық шығып, өзінің талай шыңды бағындыратынын дәлелдеген Әмина олимпиадаға 5 жыл дайындалғанын, бәсі биік білім додасының оңайға түспегенін, дегенмен ең бірінші елдің, мұнан соң туған жерінің абыройы үшін тырысқанын айтып өтті.

Өз кезегінде басқарма басшысының орынбасары Бағдат Камбозұлы талай топты жарған олимпиада жүлдегеріне алғысын білдіріп, алдағы үлкен өмір жолына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Әмина Тынарбай бұған дейін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданын алтын медалінің, National Brain Bee республикалық олимпиадасының қола медалінің,

Авиценна атындағы халықаралық олимпиаданың күміс медалінің иегері атанған болатын.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<