Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы ашылды

1109

0

Серәлі Лапин атындағы №261 орта мектебінде мемлекет қаржысынсыз «Дара» қоры мен «Марс Қазақстан» ЖШС қолдауымен инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы ашылды.

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған педагогикалық–психологиялық дамыту кабинетінің салатанатты ашылуына облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік қолдау бөлімінің бас маманы Гүлмира Ақжігіт пен қалалық білім бөлімінің әдіскері Ерболат Елдеев қатысып, лентасын қиды.

Ресурстық орталықтың кабинеттері «Дара» қоры мен «Марс Қазақстан» ЖШС көмегімен арнайы құрылғылармен жабдықталып, дидактика материалдары және «Дэльфа» апараттары орналастырылды. Сондай-ақ, баланың дамуын жақсартатын және қолдың ұсақ моторикасын дамытатын ойыншықтармен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, бүгінде аталмыш білім ошағындағы 21 оқушы инклюзивті білім алуға мұқтаж. Енді жаңадан ашылған ресурстық орталықта мамандар бұл оқушылардың қалыпты балалардың қатарына қосу мақсатында жұмыс жасайтын болады. Осы орайда ерекше балалармен жұмыс істеу үшін педагогтар бүгінде арнайы курстардан өткізіліп, біліктілігін арттырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<